2022 жылғы 09 желтоқсанда Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары арасында «Үздік жас арнайы пән оқытушысы – 2022» облыстық байқауын ұйымдастырды. Байқауға облыс бойынша 20 жас маман қатысты.

Шараның мақсаты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының  арнайы пән оқытушыларының бірыңғай ақпараттық-білім кеңістігінде заманауи педагогикалық тәжірибелерін жинақтау және насихаттау.

Байқауға  энергетика, көлік, байланыс, ветеринария, медицина, ауылшарушылғы саласының мамандары қатысты.

Байқауға Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің техникалық факултетінің  доценті т.ғ.к Қуанышев Мурат Кулынтаевич және     орталық  әдіскерлері қазылық етті.

Үш кезеңнен тұратын байқаудың бірінші кезеңінде жас мамандар күнделікті сабақтарын жаңа технологиялармен түсіндіріп,  түрлі форматтағы көрнекі құралдарын пайдаланды.  Екінші кезеңде оқытушы  портфолиосымен таныстырып,  үшінші кезеңде «Педагогика оқыту әдістемесі» пәнінен тест тапсырды.

Үш кезең бойынша сынақтан сүрінбей педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде көрсете білген жас мамандар төмендегідей марапатталды.

І орын

Ялғашбаева Ақмарал Сүндетбайқызы,  Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы.

ІІ орын

Қазалбаев Дамир Амангелдіұлы,  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжнің оқытушысы.

Медиев Нұрдәулет, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінің оқытушысы.

ІІІ орын

Нсанов Бекзат Рахметуллаевич,  Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметова атындағы Ақтөбе Жоғары медициналық колледжнің оқытушысы.

Шакарбекова Жанслу Сериковна,  Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе жоғары ауыл шаруашылығы колледжінің оқытушысы.

Бекбай Әсем Бекбайқызы,   Шалқар аграрлық – техникалық колледжінің оқытушысы.  

Қалған қатысушыларға сертификаттар берілді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1