Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен тарих, география пәні мұғалімдеріне арналған «ZHAS PROJECT» тақырыбында облыстық жас педагогтердің креативті жобалар байқауы өтті.
Байқау жас педагогтердің инновациялық белсенділігін дамыту, әлеуметтік маңызы бар білім беру зерттеулері мен жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсету және жас педагогтердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау мақсатында ұйымдастырылды. Шараға 6 топ, 18 жас маман қатысты.
Облыстық байқауға қатысушылар келесі бағыттар бойынша жобалар ұсынды: «Ұлы дала елі» бренд жобасы (ғылыми-зерттеу жұмысы, презентация), ІТ шығармашылық жоба (бейнефильм, бейнеролик фотосурет, эскиз), «Мен жаңа әлем жасампазымын» креативті идеялар жобасы (макет, эскиз, бейнеролик), «Туған өлке тарихы» – виртуалды саяхат. Жұмыс бағыты – SketchUp, Blender, Tinkercad.com
Жобаларды қорғау барысында мәтіннің бірегейлігі, өзектілігі, жаңалығы, жұмыс тақырыбы бойынша пайдаланылған ғылыми дереккөздердің толықтығы, тақырыптың әзірлену дәрежесі, тақырыптың даму дәрежесі, теориялық және практикалық маңыздылығы, тың идеялар, ерекше ұсыныс, компьютерлік анимация, бейне және аудио эффектілерді және өзге де дидактикалық тәсілдерді пайдалану дәрежесі мен тиімділігі бағаланды.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – «Қобда жастары» тобы (Е.Елеусизов, А.Еламанов, С.Таженова, Қобда ауданы);
ІІ орын – «Алға ұстаздары» тобы (Н.Шындаулет, Б.Базар, Қ.Жолдасов, Алға ауданы);
ІІІ орын – «Алаш» тобы (А.Аманкосов, Е.Муханбетсадыков, Ақтөбе қаласы, № 28 орта мектебі).
«Жаңашыл топ» номинациясымен «Атажұрт» тобы (Р.Нұрадин, Е.Серікбаев, А.Ешмұқанова, Ақтөбе қаласы Д.Қонаев атындағы ЖББОМ), «Зерттеуші топ» номинациясымен «Темірбектің сыншыл ұрпақтары» тобы (Д.Жұмашева, Ұ.Орынбаева, Ж.Хамитова, Әйтеке би ауданы), «Шығармашыл топ» номинациясымен «Ойыл жастары» тобы (Е.Сисенов, А.Ананьева, Ойыл ауданы) марапатталды.
Тарих және география пәні бойынша әдістемелік қызметті ұйымдастыру, жас педагогтердің үздік жұмыс тәжірибесін анықтау және тарату мақсатында өткізілген байқау жоғары деңгейде өтті.
Орындаған: А.Искендирова, АОҒТО бөлім әдіскері