Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 18 қарашада Ақтөбе қаласындағы №10 жалпы білім беретін орта мектебінің базасында тарих-жаратылыстану мұғалімдеріне арналған «Рухани құндылықтарды дамытуда тарих-жаратылыстану пәндерін интеграциялаудың тиімділігі» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум жұмысын ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері  А.Искендирова ашты.

      Семинар-практикумның теориялық бөлімінде директордың әдістеме ісі жөніндегі орынбасары Г.Кайсарова «Оқытудағы интеграция-ілгерілеу жолы» тақырыбында мұғалімдердің жетістікке жетудегі іс-тәжірибелерімен бөлісті.

           «Елдіктің жеті тұғыры» атты кластан тыс іс-шараны тарих пәні мұғалімі, педагог-сарапшы Р.Тынысқалиева ұйымдастырып, білім алушылар бойына рухани құндылықтарды дарыта білді.

Тарих пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Л.Рыскулова «Тарих- жаратылыстану  пәндерін  интеграциялау ерекшеліктері» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, онда интеграциялаудың мақсат-міндеттерін және білім алушылардың әрбір жеке пәндер бойынша қабылдауын, басқа пәндермен байланысын, айналадағы ортаны жан-жақты тұтастай танып білуін, табиғат пен оның заңдылықтары туралы көзқарасын қалыптастырумен қатар, қоғамда өз орнын табуына көмектесу болып табылатынын толық қамтыды.

Қатысушылар топта белсенді жұмыс жасай отырып, білім алушылардың кіріктірілген сабақтарда алған білімді синтездеу, қажетті дағды мен талдау қабілетін қалыптастыру, қызығушылын арттыру және білім алушыларды оқу үдерісінде қолдау, шығармашылық іс-әрекетке бағыттаудағы интеграцияның артықшылығын айқындады.

 

Семинардың практикалық бөлімінде рухани құндылықтарды дамытуда интеграциялаудың тиімділігін көрсетуде Қазақстан тарихы пәнінен 11«Ә» класында «Кеңестік кезеңде Қазақстанда полиэтникалық қоғамның қалыптасуы» тақырыбында педагог-зерттеуші М.Тлеуова, биология пәнінен 8«А» класында «Тыныс алудың минуттық көлемі» тақырыбында педагог-зерттеуші Н.Есенова, география пәнінен 10«Ә» класында «Ғаламдық экологиялық мәселелер» тақырыбында педагог-сарапшы Ж.Махамбетова, химия пәнінен  9«Ә» класында «I топ элементтері және олардың қосылыстары. Натрийдің сумен әрекеттесуі» тақырыбында педагог-модератор Л.Жұмағұлова өз тәжірибелерімен бөлісті.

Сабақтарда рухани құндылықтарды дамытуға бағытталған тиімді әдіс-тәсіл түрлері жан-жақты көрсетілді.

Коучингке семинар қатысушылары үлкен белсенділікпен қатысып,  кері байланыс жүргізілді. Қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, өз ризашылықтарын  білдірді.

          А.Искендирова,  Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері           

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1