Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 16 наурыз күні Алматы, Қызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының 200-ден астам ТжКББ ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтері, топ кураторларымен «Ерте жүктіліктің және студенттердің репродуктивті денсаулығының алдын алу» тақырыбындағы республикалық дөңгелек үстел өтті.
Әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесінде тәрбие бағытының жұмысын жандандыру, жастар арасында кездесетін, жасөспірімдік жаста туындайтын физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәселелік жағдайлардың себептерін талқылау бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, дөңгелек үстел қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шара барысында тәжірибелі тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар және орталық әдіскері:
1.Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжі басқармасы төрағасының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ш.Б.Кубиева «Ұлттық педагогикадағы қыз бала тәрбиесінің өзектілігі»;
2.Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.М.Нұрханова «Білгеніңнен, білмегенің көп әлі…»;
3.С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжі директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.А.Шагирова «Дұрыс тәрбие – дені сау ұрпақ өсуінің кепілі»;
4. (Tedx форматында) М.Саламатов атындағы Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжі директорының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары А.Ә.Берістемова мен «Болашақ» университеті жоғары колледжі директорының тәрбие орынбасары А.Е.Смаилова «Бойжеткендер мен бозбалаларда репродуктивті денсаулықты сақтау»;
5. Талғар агробизнес және менеджмент колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.А.Садвакасова «Жасөспірім қыздар арасында моральдық және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында тәрбие беру»;
6. Ақтөбе гуманитарлық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Ш.Жиенкулова «Ерте жүктіліктің алдын алу және оның жауапкершілігі»;
7. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы ТжКБ және кәсіби бағдар беру бөлімінің әдіскері Б.Ж.Нурмолдина «Жастар денсаулығы – көкейкесті мәселенің бірі» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Жоспарға сәйкес өткізілген республикалық дөңгелек үстел соңында ашық диалогтық алаңда сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылып, кері байланыс жасалды.