Ақтөбе қаласы, №40 ЖОББ мектепте «Тренд: этностильдегі аксессуардың жасалу әдістері» тақырыбында шебер – класс өтті. Жетекшісі көркем еңбек пәні мұғалімі Г.Мурзалинова.
Қатысушыларды мектеп директоры Ж.У.Терекова қарсы алып, шараның мақсатымен таныстырды. Директордың әдістемелік оқу-ісі жөніндегі орынбасары А.О.Қалдыбаева мектептің жетістіктері мен мұғалімдердің кәсіби шеберлігін шыңдау бағытындағы жұмыстарға тоқталды.
Мектеп фойесінде шебер класс жетекшісі Г.Мурзалинованың іс-тәжірибелерінен көрме ұйымдастырылып, оқушылардың қолдан жасаған этностильдегі аксессуары көрсетілді.
Шебер кластың мақсаты ата-бабаларымыздың ұлттық өнерін күнделікті тұрмыста қолданған бұйымдарын қайта жаңғырту, қазіргі заманғы озық үлгілермен ұштастыру арқылы халықтың игілігіне айналдыру.
Осы бағытта шебер класс жетекшісі қатысушылармен бірге “Жүннен сырға жасау” тақырыбында практикалық жұмыстар жүргізді.
Шебер класқа Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Балзия Туржанова қатысып, әр жанр бойынша шебер кластардың ашылуы бүгінгі күннің заманауи сұраныстары екеніне тоқталды.
Шараның соңында рефлексия жүргізіліп, қатысушылар алған әдіс-тәсілдері бойынша өз жұмысына және топтың жұмыстарына баға берді.