Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жылдық жұмыс жоспарына сай Қопа жалпы орта білім беретін мектебінің ғимаратында “Дене шынықтыру және АӘжТД сабақтарында спорттық ойындарды оқыту әдістемесі тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті. Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Тоқсанбаевна ашып, Темір аудандық білім бөлімінің әдіскері Отызбаев Руслан Тынымкулович семинар бағдарламасымен таныстырды.

Семинар Қопа жалпы орта білім беретін мектебінің педагог-психологі Айтпағанбет Айымжан Сансызбайқызы “Көңілді таяқшалар” тренингімен басталып, қатысушыларға керемет көңіл күй сыйлады.

Семинарда Қызылжар ЖОББМ АәжТД мұғалімі Тәжібай Райымбек Мұхтарұлы “ Жаңашылдық бағытқа негізделген әскери әдіс-тәсілдер ” тақырыбындағы шарада квест әдісін пайдалана отырып,жаңа әдіс-тәсілдермен бөлісті. #3 Шұбарқұдық ЖОББМ АӘжТД пәні мұғалімі Сатыбалды Санжар Болатұлы «Оқушылардың парадтар мен шерулерде қаруды қолдана отырып қалпына келтірудің техникасы мен әдісін көрсету» тақырыбындағы шебер класта дефеле әдісемен бөлісті. Теориялық білімін практикамен ұштастырды. Ж.Кереев ат.ЖОББМ АӘжТД мұғалімі Нұрмұханов Азамат Сәрсенбайұлы «Калашников автоматын бөлшектеу және жинақтау әдістері» тақырыбындағы практикалық сабаққа да пән мұғалімдері де белсене қатысса, Қопа ЖОББМ АӘжТД мұғалімі Аманқұлов Саламат Асылбекұлы «Әскери патриоттық сабақтан тыс жұмыс» тақырыбындағы сыныптан тыс іс-шара өткізді.

Абай ат.ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Салимгереев Асет Кенжебекович «Дене шынықтыру сабағында волейбол добын төменнен қабылдау» тақырыбындағы шебер сыныппен бөліссе, Қопа ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі, “Жас Өркен” Республикалық турнирінің жеңімпазы Шамиев Женисбек Сәбитович қазақтың ұлттық ойындары асық ату, бес табан ұлттық ойындарының техникасы мен хаттамасымен таныстырды.

Шұбарқұдық гимназиясының дене шынықтыру пәні мұғалімі Сагиев Сержан Серікұлы «Баскетбол: Допты беру тәсілдері» тақырыбында шебер сынып, ал Қызылжар ЖОББМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Ахметов Өркен Ахметжанұлы Қазақтың ұлттық ойындары «Теңге алу, аударыспақ, қыз қуу» тақырыбындағы шебер сыныппен бөлісті.

Семинарды Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Токсанбаевна қорытындылап, іс-тәжірбиесін таратқан ұстаздарға және Қопа ЖОББ мектеп ұжымына (директоры Қаржауов Р.С) алғыс хаттар табыстады. Семинар соңында семинарға қатысушылар өз ризашылықтарын білдіріп, оң пікірлерін қалдырды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1