Дене шынықтыру пәні бойынша Ақтөбе қаласы N61 ЖББОМ-де дене шынықтыру пәні мұғалімі Прмагамбетов Айбек Сериккалиевичтің 2 кезеңнен құралған шебер-класы өткізілді. Шебер-кластың 1-ші кезеңі “Спорттық ойындар мен іс-шаралар үйлесімділігі оқушылардың шығармашылық және функционалдық дамуының басты көрсеткіштері” тақырыбын қамтыса, 2-ші кезең “Футбол ойынын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер” тақырыбын қамтыды.
Шебер-кластың мақсаты: шығармашылық тұрғыдан іздену, педагогтардың өз бетінше немесе ұжымдық ашылу жолымен жаңа тәжірибеге және жаңа білімге өрлеуіне ықпал ету.
Шебер-класс барысында: Шалқар ауданы. Қорғантұз ЖББОМ мұғалімі Уралбаев Курмангазы Жумасейтович «Оқу үшін бағалау» (коучинг), №7 Хромтау мектеп-гимназиясының мұғалімі Сатмагамбетова Бакытгул Тлеужанкызы «Волейбол. Оқыту. Шабуылшы соққы. Шеберлік құпиялары», Темір ауданы, Абай атындағы ЖББОМ мұғалімі Сәлімгереев Әсет Кенжебекұлы «Волейбол добын төменнен қабылдау», №61 ЖББОМ мұғалімі Төлегенов Нұржан Бауыржанұлы «Рухани жаңғырту» бағдарламасы аясында Тоғызқұмалақ ойынын алаңда ойнау түрі, №61 ЖББОМ мұғалімі, шебер-классты өткізуші Прмагамбетов Айбек Сериккалиевич « Футбол ойынын дамытуға арналған әдіс-тәсілдер» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті және де шебер-класстың аяқталу сәтінде №61 ЖББОМ психологі Айтжанова Аружан Қуандыққызы қызықты тренингтер өткізіп, қатысушыларға рефлексиялық сәттер сыйлады.
Педагогтердің шығармашылық жұмыстары әріптестеріне дене шынықтыру пәнін дамытудағы тиімді әдіс-тәсілдердің жолдарын көрсетуге және тәжірибелерін одан әрі жетілдіруге бағытталды.
Шебер-класты қорытындылау бөлімінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Токсанбаевна сындарлы кері байланыс беріп, өз іс-тәжірибелерімен бөліскен мұғалімдерді "алғыс хаттармен" және басқа да қатысушылардың барлығын шебер-класқа қатысқандары үшін "сертификаттармен" марапаттады. Шебер-класс соңын шебер-класты өткізуші Прмагамбетов А.С. қатысушылардың бәріне алғы сөзін айтып, аяқтады.