2022 жыл 18 қазанда көркем еңбек мұғалімдеріне «Көркем еңбек пәнінде оқушыларды кәсіпкерлікке баулудағы әдістеме мен тәжірибе» оқыту семинары өткізілді.
Оқыту семинарында төмендегі тақырыпта пән мұғалімдері шебер кластар өткізді:
· Р.Төребекова, Ақтөбе қаласы оқушылар сарайы көркем еңбек пәні мұғалімі «STEAM технологиясы: кәсіпкерлік және бизнес негіздері-кәсіби бағыт, жетістікке жету»;
· Ақтөбе қаласы, №32мектеп- гимназиясының көркем еңбек пәні мұғалімі Г. Бралова «Заманауи сән әлеміндегі ұлттық киім үлгілері»;
· Әйтеке би ауданы, Т.Г.Шевченко атындағы ЖОББМ мұғалімі Л.Бертлеуова «Кәсіпкерлік: бизнес идеялар»;
· Мұғалжар ауданы Ембі қаласы, Ж.Калиев «Кейіпкерлер мен декорациялар құру. Дыбыстау»;
· Ақтөбе қаласы, Ғ.Ақтаев атындағы №6 МГ мұғалімі З. Сатыбалдина
«Кәсіпкерліктің алғы шарттары және кәсіпкерлікке қадам» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шараның қорытындысында қатысушылар алған жаңалықтарымен бөлісті.