Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 28 ақпан күні Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталықталықтары арасындағы ынтымақтастық туралы көпжақты меморандумы аясында «ТжКББ ұйымдарындағы жалпы білім беретін, әлеуметік-қоғамдық және арнайы пәндерден білім берудің ерекшеліктері» тақырыбында өңірлік шебер-класс өтті.

Өңірдің әдістемелік орталықтарының директорлары сөз алып, ТжКББ жүйесін жаңғырту, маман даярлаудағы педагогтер беделін көтеру, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытында тиімді тәжірибелерді енгізудің өзекті мәселелеріне тоқталып, шебер-класс қатысушыларына сәттілік тіледі.

Шебер-класс барысында төмендегі озық тәжірибелі үздік педагогтер өз  іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

1.«Құрылыс құрылымдарын  монтаждау әдістері» тақырыбында  Н.Т.Карабалаева, Х.Өзбекгалиев атындагы Мангыстау жогары  политехникалық колледжнің арнайы пән оқытушысы,  Республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жүлдегері;

2.«BOPPPS моделін пайдаланып оқыту нәтижесін бағалауды ұйымдастыру» тақырыбында Ж.Б.Калимова, О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Облыстық «Үздік педагог-2022» байқауының жүлдегері;

3.«Концепция новой педагогики: подходы, методы, модели обучения» тақырыбында З.А.Кошанова, Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі жанындағы «Білім» бейіні ОӘБ төрағасының орынбасары, Республикалық «Үздік педагог-2022» байқауының жүлдегері;

4.«Функционалдық сауаттылықты қалыптастырудағы креативті оқыту әдістері» тақырыбында Ж.М.Муханбеткалиева, Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің  әлеуметтік қоғамдық пәндер оқытушысы, Жаңашыл ұстаз курсының тренері;

5.«Ағылшын тілінің сөйлеу және жазу дағдыларын TBLT әдістемесі арқылы дамыту» тақырыбында  А.Х.Багытова, «APEC PetroTechnic жоғары колледжі»  ЖШС-нің  ағылшын тілі пәнінің аға – оқытушысы  Республикалық «Үздік педагог – 2022» жүлдегері; 

6.«Студенттердің кәсіби дағдыларын қалыптастырудың тиімді жолдары» тақырыбында А.Е.Суйесинова, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің арнай пән оқытушысы, Облыстық «Үздік педагог-2022» байқауының жүлдегері; 

7.«Тіл мен әдебиет сабақтарында креативті ойлауды жүзеге асыру» тақырыбында Ж.М.Адилова, Ақтөбе гуманитарлық колледжінің арнайы пән оқытушысы, Республикалық «Үздік педагог – 2020» жүлдегері; 

8.«Оқу процесінде тренингтерді үйлесімді қолдану арқылы сабақтың интерактивтілігін арттыру» тақырыбында С.Б.Ескалиева, Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы,  Республикалық «Үздік педагог – 2022» жүлдегері.

Шараға 200-ден астам жалпы білім беретін, әлеуметік-қоғамдық және арнайы пәндер оқытушылары  қатысты. Жоспарға сәйкес өткізілген өңірлік шебер-класс  соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылды.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1