2023 жылғы 3 қарашада Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының жоспарына сәйкес Қарғалы ауданы «Бөбек» бөбекжай-балабақшасында «Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын түрінде ұйымдастырылған іс-әрекеті: жаңа әдіс-тәсілдер» тақырыбында семинар өтті.
Шараға Алға, Қарғалы, Мәртөк және Хромтау аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, балабақша әдіскерлері мен тәрбиешілері қатысты.
Семинардың практикалық жұмыс барысында бөбекжай-балабақшасының тәрбиешілері М.К.Камысбаева «Аквариумдағы балықтар», Л.Ю.Давлетова «Эти удивительные домашние животные», Л.Ж.Алдашева «Жыл мезгілдері» тақырыбында ұйымдастырылған іс-әрекетерін көрсетті. Қолжетімді, тартымды, баланың ойлауы мен танымдық қызығушылықтарын дамытуға қолайлы пәндік-дамытушы ортаны құру тәжірибесімен бөлісті.
Балабақша меңгерушісі Г.З.Биязбаева «Интегрированный подход в организации предметно-пространственной среды детского сада» атты шеберлік сыныбын көрсетті. Пәндік- дамытушы ортаны құру арқылы балалардың іс-әрекетінің әртүрлі түрлерін біріктіру жолын түсіндірді. «Мозаикалық хабарлама» әдісі арқылы балалардың білімін жүйелеуге: қоршаған ортамен танысу, математика негіздері, сөйлеуді дамыту, көркем әдебиет, дене шынықтыру бойынша балалардың барлық іс-әрекеттерін біріктіруге тиімді екендігі көрсетілді. Баланың қызығушылығын қолдауға көмектесетін «Білім текшесі», «Провокация» әдістеріне толығырақ тоқталды.
Семинар соңында педагогтер мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасын іске асыру үшін пәндік – дамытушы ортаны ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қолданудың маңыздылығын анықтады.
Қорытынды бөлімінде қатысушылар өздерінің жағымды әсерлерімен, пікірлерімен бөлісіп, балабақшаның шығармашылық ұжымына алғыстарын білдірді.
Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері