Бүгін ТжКББ ұйымдарының кәсіби бағдар беру шарасының екінші күні Ақтөбе жоғары политехникалық колледж және Ақтөбе автожол колледжі базаларында өтті.
Мектеп оқушыларына колледж мамандықтарын насихаттау үшін қаладағы жиырма бір кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдары мамандары мектеп түлектеріне мамандықтар туралы ақпарат беріп, техникалық мамандықтарға арналған шеберлік сағаттарын оқушылардың өздерімен бірге өткізді.
Шара аясында оқушыларға колледж базасы, оқу-практикалық кабинеттер, жеңіл автокөліктер, электр жабдықтары, мұнай құбырларының макеттері таныстырылды.
Екі күндік шараға Ақтөбе қаласынан 35 мектептен 600 оқушы қатысты

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1