2023 жылғы 10 қарашада Байғанин ауданының Жарлы ауылындағы Байғанин орта мектебінде "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері, "ҚР спортының құрметті қызметкері", "Қазақ КСР Халық ағарту ісінің үздігі", "Байғанин ауданының құрметті азаматы" Тайжанов Сүгірәлі Тайжанұлы атындағы тарих кабинетінің ашылуына арналған салтанатты шара өтті. Назар аударарлық жайт, бұл мектептегі үшінші арнайы кабинет (Баян Хамбетова атындағы математика кабинеті, Сәбит Баймолдин атындағы Қазақ тілі кабинеті) болып табылады. Мұның бәрі мектеп әкімшілігі мен ұжымның мектеп түлектерімен, ұрпақтар сабақтастығы, патриотизм және туған жерге деген сүйіспеншілік туралы тығыз жұмысының дәлелі.
Байғанин жері құнарлы. Мұнда аудан, облыс қана емес, республикадан тыс жерлерге танымал ғалымдар, ақындар, педагогтар Нұрпейіс Байғанин, Сағи Жиенбаев, Сақтаған Баишев, Ниетжан Беріков, Сәбит Баймолдин, Сүгірәлі Тайжанов дүниеге келді және еңбек етті.
Сүгірәлі Тайжанұлы өзінің педагогикалық қызметінің жарты ғасырдан астам уақытын Қазақстандағы спортты дамытуға, еліміздің тарихын зерттеуге арнады. 5-11 сыныптардағы дене тәрбиесі бойынша оқулықтардың, олардың әдістемелік және дидактикалық қамтамасыз етілуінің, Мемлекеттік стандарттың және оқу бағдарламаларының авторы (1998-2008).
Кабинеттің ашылуына педагогикалық еңбек ардагерлері, Сүгірәлі Тайжанұлын жақсы білетін ауыл ақсақалдары, ауылдық округ әкімі, облыстық әдістемелік орталықтың, аудандық білім бөлімінің өкілдері, туыстары, балалары, Байғанин орта мектебінің ұжымы мен оқушылары жиналды. Шара көптеген жылы сөздермен, естеліктермен, алғыс сөздермен ойдағыдай өтті! Туыстары мен мектептің педагогикалық ұжымы ғана емес, сонымен қатар С.Т.Тайжановтың оқушылары да қызыға тыңдады. Осындай әдемі, жабдықталған кабинетте оқушылар біздің еліміздің тарихын ғана емес, әлемдік тарихты да білетін болады. Олар осы мектептің қабырғасынан әлі де талай өздерінің жерлесі Тайжанов Сүгірәлі Тайжанұлы сияқты кіші Отанының нағыз патриоттары шығатынына кәміл сенеді. Сүгірәлі Тайжанұлы өмірінің соңғы күндеріне дейін ежелгі Рим философы Сенеканың "Қанша өмір сүрсең де, бүкіл өміріңді оқып үйренумен өткізуің керек" қағидасын ұстанды