Ақтөбе ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Қобда ауданының педагог-психологтарының тәжірибесін тарату мақсатында "Ата-ана мен бала: қарым-қатынас әлемі" тақырыбында шебер-класс ұйымдастырылды. Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы директорының орынбасары Д.К. Халетова өз сөзінде бала мен ата-ана арасындағы өзара жағымды байланыстың маңыздылығына ерекше мән берді.
Әлия Молдағұлова атындағы орта мектебінің педагог-психологы Ж.С.Нурмаганбетова "Отбасы құндылықтары және ата-ана жауапкершілігі" тақырыбында, Талдысай орта мектебінің педагог-психологы А.С.Саркулова "Сказочная страна внутри нас" ертегі терапиясы бойынша тренинг өткізіп, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Әдістемелік көмек ретінде "ӨЗІҢДІ ЖӘНЕ ӨЗ БАЛАҢДЫ ТАНЫП БІЛ" тақырыбында әдістемелік құрал таратылды.
Семинар- практикум соңында мамандар отбасы құндылығы мен тәрбиеге қатысты психологиялық жаңашыл әдістерді үйренгендерін білдірді.