2023 жылдың 17 наурызы күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы Ұ.Құлымбетов атындағы №64 жалпы білім беретін орта мектебінің математика пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі Дания Алтоновна Тлеуованың “Математика сабақтарында PISA халықаралық зерттеу бағдарламасын қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту” тақырыбындағы  шығармашылық шеберханасының кезекті   отырысы өткізілді.

 Мақсаты: Жаңартылған білім беру аясында математика пәндерінен оқушыларды пиза зерттеулеріне тиімді даярлау. Жаңаша оқыту технологиялары негізінде PISA халықаралық зерттеу әдістерін пайдаланып, жан-жақты жұмыстана алатын, зерттеушілік қабілеті дамыған жеке тұлға қалыптастыру.

Шеберхана отырысы мектеп директорының оқу-ісі жөніндегі орынбасары Қ.Щ.Еспаганбетованың кіріспе сөзімен басталды.

  Одан әрі төмендегідей жоспарда шеберхана мүшелері өз тәжірибелерімен бөлісті:

  -PISA тапсырмаларының ерекшеліктері шеберхана жетекшісі, математика пәні мұғалімі Д.А.Тлеуова

- “Математикадан практикалық тапсырмалардың өмірмен

байланысы” Келимбергенова Айнур Жумабаевна - Мұғалжар ауданы, №5 Қандыағаш қалалық ЖББОМ Снабек Амандык Ақылбекұлы - Шалқар ауданы, М.Орынбасаров атындағы НОМ; -“Оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру

жолдары” Сеитова Ботакоз Ермухамбетовна - Мəртөк ауданы, Мəртөк мектеп гимназиясы;

- “PISA тапсырмаларын орындату арқылы оқушылардың ойлау көкжиегін кеңейту” Коптлеуова Майра Муратовна - Ұ.Құлымбетов атындағы №64 ЖОББМ;

 Кері байланысты «Answergarden» платформасы арқылы шеберхана жетекшісі Тлеуова Дания Алтоновна жасады;

 Отырысқа облыс көлемінде  топтастырылған шеберхана мүшелері, математика пәні мұғалімдері қатысты.

 Отырыс соңында қатысушылар өз әсерлерімен бөлісіп, ұйымдастырушылар мен  мектеп ұжымына жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1