Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе қаласы «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның ұйымдастыруымен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың тарих, география пәндерінің мұғалімдері, өлкетану және музей жұмысына жауапты педагогтеріне арналған «Ұлттық мәдени-ағартушылық жобаның «Туған өлкем» фестивалі аясында «Балалар және жасөспірімдер туризмі мен өлкетану жұмыстарының қазіргі таңдағы маңызды ролі» тақырыбында 2023 жылғы 3 мамыр күні облыстық тәжірибелік семинар өтті. Шараға 40 -тан астам педагогтер қатысты.
Мақсаты: Балалар және жасөспірімдерге арналған туристік-өлкетану жұмыстарын ұйымдастырудағы белсенділік түрлерін арттыру, педагогтерге білім беру сапасын арттыру үшін әдістемелік көмек беру,әдіс-тәсілдерді меңгеруде өзара тәжірибе алмасу.
Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері А.М.Нарегеева және «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның директоры А.И.Бекбергенова сөз сөйлеп, облыстық семинардың бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерлерге сәттілік тіледі.
Семинар барысында Қалалық жас туристер стансасының директоры Бекбергенова Алёна Исламовна «Балалар және жасөспірімдер туризмі мен өлкетану жұмыстарының қазіргі таңдағы маңызды ролі», «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу, қалпына келтіру және қорғау орталығы» КММ археология және қала құрылысы бөлімінің тарихшысы Танбаев Арман Қуанышұлы «Тарихи-мәдени мұраны зерттеу жұмыстары», «Қалалық жас туристер стансасы»МКҚК-ның педагог ұйымдастырушы Мерекеева Айжан Байғалиқызы «Экскурсия – өлкетануды дәріптеудің бірден-бір мүмкіндігі», «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның қосымша білім беру педагогі Ысқақ Диляра Қанатқызы «STEAM білім беру - балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту технологиясы», «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның қосымша білім беру педагогі Аймаганбетова Шолпан Серсенбаевна «Педагогикалық үдерістегі рефлексия функцияларын қолдану», «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның әдіскері Гадильшина Камшат Сүлейменқызы «PADLET тақта бадарламасы ның мүмкіндіктері», «Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның әдіскер-туризм нұсқаушысы Шуренбаев Нурбек Орынбасарович және Қалалық жас туристер стансасы» МКҚК-ның педагог ұйымдастырушы, педагог-зерттеуші Нурмаганбет Нуржан Жалгасбайулы «Балалар және жасөспірімдер туризмі мен өлкетанудағы белсенді жұмыс түрлері. Қауіпсіздік техникасымен қамтамасыз етуі» - тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Семинар қатысушылар кері байланыс жасап,өз ойларымен бөлісті.
Семинар жұмысының қортындылау барысында Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім әдіскері А.М.Нарегеева өз іс-тәжірибелерін шеберлікпен көрсеткен спикерлерді Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының директорының м.а. Ж.Б.Скакованың атынан алғыс білдірді.