Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «Қалалық психологиялық – медициналық - педагогикалық консультация» жанындағы диагностикалық қысқа мерзімді топтарда «Педагогикалық байланыстың әдіс-тәсілдері» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
Семинарға ерекше білім беруді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар және арнайы мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері қатысты.
Қалалық ПМПК меңгерушісі Қаражанова Гүлсім Буржановна іс-шара қатысушыларына диагностикалық топтардың жұмысымен толығырақ таныстырып өтті.
Семинар барысында диагностикалық топтардың мамандары ерекше білімді қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеуге бағытталған педагогикалық-психологиялық көмектің әдіс-тәсілдерін көрсетіп, ата-аналарды балалармен өзара әрекеттесудің тиімді тәсілдеріне үйретті.
Балалардың танымдық процестерін дамытуға, сөйлеу тілін, қабылдауын, зейінін, есте сақтауы мен ойлауын дамытуға бағытталған ойын –жаттығуларды және дидактикалық материалдары көрсетіліп, ата-аналарға үй жағдайында қолдануға кеңестер беріліп, ұсынымдар таратылды.
Ата-аналар мен семинарға қатысқан педагогтер ұйымдастырушыларға жылы лебіз, тілектерін білдірді.