Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы, Шалқар аудандық білім бөлімі, «Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен Қазақ халқының атақты күйші-композиторы Қазанғап Тілепбергенұлының мұрасын дәріптеу және сазгер, домбырашы С.Балмағанбетовтің күйлерін насихаттау мақсатында«Қазанғап мұрасын насихаттау жолдары: музыкалық сауаттылық пен аспаптарда орындау ерекшеліктері» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция Шалқар ауданының әкімі Жидеханов Жанболат Өтеғұлұлының құттықтау сөзімен басталды.

Аталған шараның жүргізілу барысында модераторлар Ақтөбе облыстық ғылыми тәжірибелік облыстық ғылыми-тәжірбиелік орталығының әдіскері А.Нарегеева мен Шалқар аудандық білім бөлімінің әдістемелік-құрылымдық бөлім меңгерушісі Құдайбергенов Жанайдар Сәндібекұлы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерлерге сәттілік тіледі.

Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің директоры Үмбетова Гүлбану Галимуллақызы сөз сөйлеп мектептің тыныс-тіршілігі мен жетістіктеріне тоқталып өтті. Конференция қонақтары мен спикерлері Темірбек Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының «Дәстүрлі музыкалық өнер» кафедрасының доценті, ҚР мәдениет қайраткері, домбырашы, күйші-зерттеуші – Әбуғазы Мұрат Қазенұлы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы, қазанғаптанушы. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, «Ақтөбе облысының құрметті азаматы» – Асылханов Жайлау Жаншаұлы, Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы Шалқар ауданының саз мектебінің домбыра класының оқытушысы, қазанғаптанушы, «Ерен еңбегі үшін» медалі иегері, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі иегері – Жанаманов Нұрболат Әдіманұлы, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері, Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі – Хамзин Талап Еділханұлы баяндамаларын жасап, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің директоры, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі – Исмағұлов Аманжол Дүйсенұлы, Ақтөбе қаласы, Қазанғап атындағы балалар өнер мектебінің директоры – Құдайбергенов Жалғас Құдайбергенұлы және Шығармашылық академиясының директоры – Сүлеймен Алмас Бақытқалиұлы сөз сөйледі.

Конференцияның қорытынды ұсынымдарын мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Жақсылықов Нұрболат Аманкелдіұлы таныстырды.Шара соңында спикерлер Шалқар ауданы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1