2023 жылғы 31 наурызда Ақтөбе облысының ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен кітапханашылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, озық тәжірибелерді тарату, балалар мен жасөспірімдердің арасында кітап оқу мәдениетін арттыру және іс-тәжірибе алмасу мақсатында Алға мектеп-гимнзиясында «Оқуға құштар мектеп жобасы – кемел болашақ кепілі» тақырыбында облыстық көшпелі семинар өтті.
Семинарға Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері А.Смагулова, аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен мектеп кітапханашылары қатысты. Семинардың өткізілу барысы Бестамақ орта мектебінен бастау алды. Аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Д.Койшегулова семинарды ашып, құттықтау сөз сөйледі. «Жаңа форматтағы әдіс – тәсілдер» тақырыбында мектептің кітапханашылары мен пән мұғалімдері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Тама Есет батыр Көкіұлы кесенесіне саяхат жасалды. Семинар Алға мектеп -гимнасзиясында жалғасын тауып, аудан бойынша «Оқуға құштар мектеп» жобасының іске асырылуы туралы білім бөлімінің әдіскері С.Атраубаева хабарлама жасады.
Кітапхана қызметкерлері және білім алушыларының қатысуымен «BOOK Slame» кітап - кино әлемінде» презентациясы, Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша сахналық көрініс, М.Мұқатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді, «Заманауи кітапхана – ақпарат пен білім ордасы» атты релаксация жаттығулары жүргізілді.
Семинар соңында Алия Темірғалиқызы қорытынды жасап, ауданда «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында жасалып жатырған жұмыстардың өз деңгейінде жүріп жатырғандығы туралы атап өтті. Аталған жобаның жүзеге асуына қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерімен бөліскен мектеп басшылары Г.Есенова мен А.Истегуловаға және мектеп кітапханашыларына алғыс хаттарды табыс етті. Аудандардан келген әріптестер де өздерінің пікірлерін білдіріп, зор ризашылықпен тарады.