2023 жылғы 31 наурыз күні №33 «Нұрсәт» балабақшасының базасында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы мен Ақтөбе білім бөлімінің әдістемелік кабинеті ұйымдастыруымен «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі сапалы трансформация» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар барысында №33 «Нұрсәт» балабақшасының меңгерушісі Б.К.Кусмамбетова мектепке дейінгі ұйымның заманауи талаптарына сай инновациялық құралдармен жабдықталуының аса маңыздылығына тоқталды. Балабақша әдіскері Г.О.Сатенова «Мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі трансформация» тақырыбында «Өсу нүктесі» құзыреттілік орталығының пилоттық жобасы аясында балабақшада жасалынып жатқан жұмыспен таныстырды.
Іс-тәжірибесімен бөлісу мақсатында балабақша тәрбиешілері түрлі бағыттағы балалармен ұйымдастырылған іс-әрекеттерін қатысушыларға ұсынды.
Сонымен қатар, аталған балабқшаның педагогтері Г.Т.Аминова «Іntellectum - ойындары», А.Б.Рахметова «Робототехника как средство развития инженерного мышления» тақырыптарында шебер-кластарын қызықты етіп өткізді.
Семинар соңында қатысушыларға экскурсия ұйымдастырылып, белсенді орталық жұмыстарымен таныстырылды.
Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері