Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 15 ақпан күні «Worldskills талаптары бойынша демонстрациялық емтихан өткізу тәртібі» тақырыбында Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Білім беруді дамыту» орталығы, Атырау облысы білім басқармасы әдістемелік орталығы, Маңғыстау облысы білім басқармасының «Білім берудің оқу-әдістемелік» орталығы және Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум аясында республикалық семинар-практикум өтті.  

Семинар басында облыстық әдістемелік орталық басшылары сөз алып,  ТжКББ ұйымдарында демонстрациялық емтихан өткізу қазіргі мемлекеттік аралық және қорытынды емтиханның жаңа форматы екендігін айтып, оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктеріне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.

Семинар барысында «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамы WorldSkills дамыту басқармасының бас менеджері А.Еставлетова демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру және өткізу бойынша әдістемелік сүйемелдеу беру мақсатында «Методические рекомендации по проведению демоэкзамена» тақырыбында баяндама жасады. Ақтөбе облысы білім басқармасының ТжКОБ бөлімінің бас маманы А.Биманова «Ақтөбе облысы бойынша демоемтихан туралы ақпарат» берді

Сондай-ақ, Саламат Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмысы жөніндегі орынбасары Г.Әйтімбетова «Worldskills стандарттарына сәйкес IT мамандығы бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру», БҚО Орал қаласы Сервис және жаңа технологиялар колледжінің директордың оқу-өндірістік жұмыстары жөніндегі орынбасары  Н.Нургалиева  «Аспаз ісі», «Кондитер ісі» құзыреттіліктері бойынша демонстрациялық емтиханды ұйымдастыру», Ақтөбе автожол колледжінің құзыреттілік бағалау орталығының меңгерушісі Ж.Анутова және колледж оқытушысы Г.Саденова «Жеңіл автомобильдерді жөндеу және қызмет көрсету құзыреттілігі бойынша Worldskills стандарттарына сәйкес демонстрациялық емтиханды CIS бағдарламасымен өткізу тәртібі»  тақырыбындағы іс-тәжірибелерімен бөлісті.  

Шараға Қызылорда, Атырау, БҚО, Маңғыстау, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталықтарының басшылары, әдістемелік кабинет меңгерушілері мен ТжКББ ұйымдарының оқу жә

не өндірістік, әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлері, арнайы пән оқытушылары, оқу-өндірістік шеберлері қатысты. 

Қорытынды бөлімде, ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар айтылды. Іс-тәжірибесімен бөліскен әріптестерге алғыс хат берілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1