Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 30 қазан күні Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледж базасында «Цифрлық білім: жаңа уақыт-жаңа шешімдер» тақырыбындағы ТжКББ ұйымдарының педагогтеріне арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Семинар басында, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директор орынбасары Д.Халетова сөз алып, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту-білім сапасын көтеру құралы, білікті де білімді маман болу үшін — әр педагог өз білімін, заман талабына сәйкес кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруы керектігіне тоқталып, семинар қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шара барысында колледж директорының әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасары Ж.Ходжаниязова «Цифрландыру бүгінгі білім берудегі жаңа бағыт» тақырыбында цифрлық сауаттылықты арттыру, цифрлық құралдар, мобильді қосымшалар және оларды білім беру үрдісін оңтайландыру, арнайы пәндерді оқытуда қолданудың артықшылықтары туралы баяндады. Сонымен қатар, колледж оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлері А.Мусит «ЗD моделирование пневмоцилиндра», Л.Елеуова, С.Ерболат «Басқару пультінен СББ жадына кесу құралдарын енгізіп, олардың X, Z параметрлерін өлшеу», Г.Итешова, А.Оразалин «Металды егеу және егеу түрлері мен қызметі», А.Темирбаева, Б.Әділбай «Изучение непрерывных технологических процессов на учебном стенде-тренажере», Г.Уксукбаева «Геоинформационные системы» тақырыбындағы шебер-класстар барысында цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолдануды іс жүзінде көрсетіп, семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
Шара соңында Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің педагог-психологі Ф.Бейісова «Дұрыс бағыттағы қадам» тақырыбында рефлексия жасап, сергіту сәті өткізілді.