Француз жазушысы Жозеф Жубер: "оқыту – екі есе үйрену", - деді. Инновацияны іс жүзінде жүзеге асыратын негізгі тұлға-мұғалім. Әр түрлі инновацияларды сәтті енгізу үшін, оның алдына қойылған міндеттерді жаңа жағдайда іске асыру үшін мұғалім кәсіби құзыреттіліктің қажетті деңгейіне ие болуы керек. Кәсіпқойлық заманауи білім беру технологияларын меңгеруді ғана емес, оларды үнемі жетілдіруді де қамтиды.Педагогикалық тәжірибені таратудың тиімді формаларының бірі-мастер-класс.
№ 42 орта мектебінде облыстық мастер-классты қорытындылау мақсатында мектеп директорларының ғылыми-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасарлары кездесті. Қонақтар қорытынды мастер-класста
✓Біздің миссиямыз қандай?
✓Біз не үшін қызмет етеміз?
✓Альфа ұрпақ балаларын қалай оқыту керек ?
атты сұрақтарға жауап іздеудің куәсі болды.
Мастер-класс барысында келесі жұмыстар жүргізілді:
* Рефлексивті дағдыларды дамыту мақсатында сарапшылар Г. Әбілдиева, А. Жұбанышбаев, Н. Саулебаева SWOT карталары бойынша коучинг өткізді.
* Зерттеушілер А.Каримова, А. Әбдіжалелова, Ш. Аймағанбетова, Б. Тұрсынбековамен "төрт өлшемді білім берудің мәні" тақырыбында стейкхолдерлер үшін тимбилдинг өткізілді.
Отырыс соңында мектеп директоры А .Т. Көштаев пен облыстық ғылыми практика орталығының әдіскері Ж. Т. Жұмабаева қорытынды сөз сөйледі.