Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 31 қазан күні ТжКББ ұйымдарының білім алушылары арасында «Мен - кәсіпкермін» атты облыстық кәсіби байқауы өтті.

Байқау мақсаты білім алушылардың кәсіпкерлік дағдыларын дамыту және өз бизнесін құруға дайындығы бойынша кәсіби білімінің, іскерлігі мен дағдыларының сапасын арттыру.

Болашақ кәсіпкерлер «Экономикалық теория және кәсіпкерлік қызмет негіздері» бойынша тестілеу сұрақтарына жауап бере отырып, стандартты емес жағдайда шешімді талап ететін жағдаят сұрақтарға шешім ұсынып, "Менің мамандығым - менің мақтанышым" визиттік карточкасын таныстырып, бизнес-жобаларын қорғады.

Додаға түскен сайыскерлерді «FINRAT» ЖШС директоры Т.Кульниязов, BANK RBK АҚ Ақтөбе филиалы, төлем карталарын сату секторының меңгерушісі А.Алдабергенова, Ақтөбе облысы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының, Ақтөбе қаласындағы кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының маркетологы Д.Смамутова және Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының мамандарынан құрылған қазылар алқасы бағалай отырып, төмендегідей қорытынды жасады: 

Бас жүлде – Есмұхан Ақжол Еламанұлы, Еуропалық экономика, бизнес және құқық жоғары колледжі 

І орын – Қуандық Айгерім Саматқызы, Қандыағаш өнеркәсіптік-экономикалық колледжі

ІІ орын – Елубаев Ердәулет Мамырғазыұлы, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі

             – Боданов Алтынбек Айбекұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Жоғары колледжі

ІІІ орын – Саркулов Аян Саматович, Ақтөбе көлік, байланыс және жаңа технологиялар колледжі

              – Есқуатова Гүлхан Алматқызы, Байғанин техникалық колледжі 

«Жеңіске деген ерік үшін» номинациясы – Жиенейев Нұрсұлтан, Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжі

«Көрермендер көзайымы» номинациясы – Елубаев Ердәулет Мамырғазыұлы, Ақтөбе жоғары политехникалық колледжі

Қалған қатысушыларға сертификаттар табысталды. 

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз!!!

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1