Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы, Ақтөбе қаласы «№1Балалар музыка мектебі» МКҚК-ның ұйымдастыруымен  «Қазақ музыкасындағы ұлттың өнегелі–рухтық құндылықтары» тақырыбындағы облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 Аталған шараның жүргізілу барысында модераторлар Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері А.Нарегеева  мен №1 Балалар музыка мектебінің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Д.Алданазарова облыстық ғылыми-тәжірибелік конференцияның бағдарламасы мен мақсатын таныстырып, спикерлерге сәттілік тіледі.

    №1 Балалар музыка мектебінің  директоры Исаналина Лида Нурмухновна сөз сөйлеп музыка өнерінің тәрбиелік ерекшеліктерін оқу-тәрбие үдерісінде қолдану мүмкіндіктері жөнінде тоқталып өтті. Конференция қонақтары мен спикерлері Қазақ ұлттық өнер университетінің профессоры, Құрмет орден иегері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы Алипбаев Турар Байдусекович, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясының аға ұстазы, «Жетіген» профессионалды мектебін енгізушісі, мәдениет саласының үздігі Жақыпбек Нұргүл Бижанқызы,  А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің директоры, «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің, «Ерен еңбегі үшін» төсбелгісінің иегері, Қазақстан композиторлар одағының мүшесі Исмағұлов Аманжол Дүйсенұлы, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Музыка және хореография» кафедрасының доценті  п.ғ.к Мукеева Нұржамал Ерсайынқызы,Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті «Музыка және хореография» кафедрасының доценті, PhD докторы Райымбергенов Абдирашид Искакович, А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің зерттеуші санатты прима-қобыз класы оқытушысы, «Әлеуметтік-мәдени қызмет және халықтық көркем шығармашылығы» бөлім меңгерушісі Сарсенгалиева Шынар Шарафаддиновна,А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжінің оқытушысы, Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның А.Жұбанов атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің бас концертмейстері, Күйшілер одағы қоғамдық бірлестігінің Ақтөбе облысы бойынша жетекшісі, Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі Хамзин Талап Еділханұлы баяндамаларын жасап, Ақтөбе қаласы, ардагерлер ұйымының төрағасы, №1 БММ қамқоршылық кеңесінің төрағасы – Агниязов Нұрхан Сабыржанович, Қазанғап атындағы Шалқар саз мектебінің директоры Үмбетова Гүлбану Үмбетиярқызы  сөз сөйледі.

  Конференцияның қорытынды ұсынымдарын мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Алданазарова Даметкен Нургалиевна таныстырды. Шара соңында  спикерлер Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Нургалиеваны Алғыс хатымен марапатталды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1