Ағымдағы жылдың 11-сәуір күні Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен «Өрлеу» БАҰО АҚ тренерлеріне арналған семинар өткізілді.

Семинар барысында облысымыздың үздік педагогтері іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының бөлім меңгерушісі, ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева өңірімізде бастау алған «Білім ALL» жобасының жүргізілу барысын түсіндірді. Жоба аясында 120 шағын жинақталған мектеп оқушыларына онлайн сабақ беретін виртуалды мұғалімдер «Математика», «Физика», «Химия», «Биология», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша цифрлық форматта оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдеріне, цифрлық сабақ үшін оқыту мақсаттарына сәйкес ресурстарды жоспарлау мен талдауға тоқталып, цифрлық педагог пен цифрлық педагог ассистентінің өзара іс-әрекетінің қалай жүзеге асып жатқанын көрсетті.

Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА ауылдық және шағын жинақты мектептерді дамыту зертханасының меңгерушісі А.Н.Мукушева семинарды қорытындылап, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді.   

 

 

      

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1