Ақтөбе қаласы №42 орта мектебінде  ғылыми- әдістеме ісі жөніндегі мектеп директорының орынбасары Жұмакешова Ажар Шақатайқызының «Әдіскердің әдіснамалық қызметінің басты ұстанымы - мұғалімнің құзыреттілігін арттыру» аясында  «Мектептегі кәсіби қоғамдастық – оқыту үдерісін жаңартудың маңызды стратегиясы»  тақырыбында облыстық шебер-сыныптың 3-отырысы өткізілді.

 Мақсаты: Құндылыққа бағдарланған білім беру мен инновациялық қызмет негізінде кәсіби баулу қоғамдастығы  педагогтардың  кәсіби дамуын басқару  мен жетілдіру дағдыларын дамытуға басымдылық жасау.

 Шебер-сынып  жұмысына  аудандық мектеп директорларының орынбасарлары қатысты. Аталған шараны мектеп директоры Күштаев Асқар Төлеубаевич және  облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының әдіскері   Жұмабаева  Жұмагүл Тоқсанбаевна  семинарды ашып, құттықтау сөз сөйледі.  Шебер сыныпта қатысушылармен  рефлексивтік диалог  жүргізіліп, мұғалім тәжірибесіндегі зерттеулерге байланысты ребрендинг «Зерттеуші ұстаздың құндылығы»,

«Сыншы дос», «Оқушылар үні» жобалық қызметтердің негізгі идеясымен бөлісті. Педагог зерттеуші А. Абдіжалелова

«Тәлімгер мен тағлымгер» тақырыбында презентация жасалып, оқытудың инновациялық әдіс – тәсілдері көрсетілді. Тәлімгер және тәлімалушылармен бірлескен «Мұғалімнің ұстанымы», «Шульманның үш көмекшісі», Абай даналығы: « Үш –ақ нәрсе адамның қасиеті» құндылықтарына детринг жүргізілді. Мектепішілік кәсіби баулу қоғамдастығы  педагогтардың  кәсіби дамуына басымдылық жасауда « Өздігінен білім алушы ұйым» ретінде тұжырымдама жасалды.  AR- іс әрекетті зерттеу бойынша тәлім алушылар тәжірибелік сабақтар ;

-3 «Ә» кл. Сабақ тақырыбы « By the Sta»- А.Орысбаева, А.Оспанова

- 6 «Ә» кл.  Сабақ тақырыбы «Длинноволосая звезда» Г.Алтаева, Р.Қауіпбаевалар

жүргізіп, рефлексивтік практик ретінде ой толғау жасады. 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1