Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қобда көпсалалы колледжінің педагогтеріне «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті.
ТжКББ бөлімінің әдіскері Б.А.Машимбаева, «ТжКББ ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер», «Білім беру ұйымдарындағы педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары», әдіскер Б.Ж.Нурмолдина, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыптарында 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырылды. Сонымен қатар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың бағыттары мен сабақ барысында қолданылатын технология түрлері туралы айтылды.
ТжКББ ұйымдарының мамандары Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің арнайы пән оқытушысы Н.Б.Сакебаева «Ақпараттық жүйелер мамандығын игерудегі қолданбалы бағдарламаларды әзірлеу, енгізу технологиясының тиімділігі», Қобда көпсалалы колледжінің арнайы пән оқытушысы А.С.Ауэзов «Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығын оқытуда білім алушылардың қызығушылығын арттыру», Ақтөбе техника-технологиялық колледжінің арнайы пән оқытушысы Н.К.Исмагулова «Создание интерактивных листов по предмету «Технология приготовления пищи» тақырыптарында іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара барысында Ембі қызмет көрсету саласы колледжінің педагог-психологы Ж.А.Уразмагамбетова «Шынайы жауап» тренингін ұйымдастырды.
Семинар соңында ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар қабылданып, семинар қорытындыланды.