Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес 2022 жылғы 15 қарашада Ақтөбе қаласы №10 орта мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Критериалды бағалау арқылы бастауыш класс оқушыларының табысты оқуын жүзеге асыру» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.

Семинар-практикум жұмысын ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері  Светлана Жубаева ашты.

Теориялық бөлімінде бастауыш класс мұғалімі Мариям Калиева «Критериалды бағалау қағидаттары» тақырыбында коучинг ұйымдастырып, онда бағалаудың мақсат-міндеттерін, әдістерін, нысандары мен құралдарын, оқу мақсаттарына жетудегі бағалау критерйлерінің маңызын, оқу тапсырмаларын Блум таксономиясына негіздеу тәсілдерін қамтыды. Коучингке семинар тыңдаушылары белсенді қатысты. Олар топта жұмыс жасай отырып, білім алушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, бірлескен оқу ортасын құру, білім алушыларды оқу үдерісінде қолдау, шығармашылық іс-әрекетке бағыттаудағы критериалды бағалау жүйесінің артықшылығын айқындады.

Семинардың практикалық бөлімінде оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың тәжірибеде қалай жүзеге асып жатқанын көрсететін ашық сабақтар: 4 «Ә» сынып математика пәнінен «Нөлдермен аяқталатын көп таңбалы сандарды жазбаша көбейту» тақырыбында Сантай Талапбаева, 4 «Д» сынып жаратылыстану пәнінен «Заттардың қасиеті өзгере ме?» тақырыбында Гүлжанат Амантаева, 2 «Ә» сынып әдебиеттік оқу пәнінен «Білімді бол. Оқуға шақыру» тақырыбында Гүлнәр Қалыбаева, 2 «В» сынып жаратылыстану пәнінен «Адам денесінің құрылысы қандай?» тақырыбында Акмарал Дуйсегалиева өткізді. Сабақтарда бағалау әдістемесін тәжірибеде қолдану мен тиімді ұйымдастыруға арналған әдіс-тәсіл түрлері көрсетілді.

Шебер-кластар сериясында Бақыт Сармыс жиынтық бағалау тапсырмаларын шығармашылықпен құрастыру жолдарын ұсынды. Топта жұмыс жасау арқылы мұғалімдер тапсырма әзірлеу нұсқаларымен танысты. Мадина Жумабаева білім алушылардың оқу мақсаттарына қол жеткізуіне мониторинг жүргізудің маңыздылығын түсіндірді. Анна Куспанова бағалаудағы  кері байланыстың тиімді түрлерін көрсетіп, соңында семинар тыңдаушылармен кері байланыс жүргізді. Семинар қатысушылары өз әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.

 

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1