2022 жылғы 30 қарашада Мұғалжар ауданы Қандыағаш қалалық №2 жалпы орта білім беретін мектебінің базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігін арттырудың тиімді жолдары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өткізілді.
Семинар-практикум жұмысы облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі Светлана Жубаеваның кіріспе сөзімен ашылып, Мұғалжар аудандық білім бөлімінің басшысы Бахраман Аманжолдың құттықтау сөзімен жалғасты.
Шараның теориялық бөлімінде Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Гүлхан Байтулекова «Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі-нәтижелі білім берудің негізі», Қандыағаш қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Жеңісгүл Калжанова «Бастауыш сыныпта интербелсенді әдістерді қолдану арқылы кісіби құзіреттілікті арттыру», Ембі қалалық №3 жалпы білім беретін мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Орынгүл Мукиева «Кәсіби құзыреттілікті арттыру-құндылыққа негізделген бастауыш сыныптағы сабақтар» тақырыптарында шебер-кластар өткізді. Сонымен қатар, Қандыағаш қалалық №5 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Алиса Ізтұрғанова «Профессиональная компетентность учителя в использовании активных методов обучения на уроках в начальных классах» тақырыбында коучинг өткізіп, оқытудың белсенді әдістерін көрсетті.
Семинардың практикалық бөлімінде Қандыағаш және Ембі қалалық жалпы орта білім беретін мектептерінің бастауыш сынып мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа әдіс-тәсілдерін практика жүзінде көрсетті. Атап айтсақ, қазақ тілінен «Сөз және оның мағынасы» тақырыбында Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Айымгүл Ергалиева, орыс тілінен «Окончание и основа слова. Части слова» тақырыбында Қандыағаш қалалық №2 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сантура Сембекова, Жаратылыстану пәнінен «Қанайналым жүйесі» тақырыбында Қандыағаш қалалық №4 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Сәулет Жасағанберген оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, ашық сабақтар берді.
Ембі қалалық №1 жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Асем Байкатова «Изменение глаголов по числам. Курмангазы гениальный кюйши композитор» тақырыбында панорамалық сабағын өткізіп, іс-тәжірибесін бөлісті.
Семинар соңында «Ашық микрофон» ұйымдастырылып, рефлексия жүргізілді. Семинар қатысушылары өз әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері, ф.ғ.магистрі С.О.Жубаева