2022 жылы 7 қазан күні көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған «Оқыту сапасын арттырудағы көркем-эстетикалық пәндердің пәнаралық байланыстарын жүзеге асыру» тақырыбында Ақтөбе қаласы, №41 Ф.Оңғарсынова атындағы мектеп гимназиясында кіріктірілген пәндер бойынша шебер класс өтті.

Шебер класқа Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Балзия  Туржанова қатысып,  ұлттық және әлемдік мәдениет мұраларының мағынасын ашуда көркем еңбек пәнін басқа пәндермен кіріктіре  оқытудың  тиімділігіне тоқталды.

Қатысушыларды «Фариза» мұражайында қарсы алып, мектеп-гимназияның директоры Гүлдария Абдыгалиева көркем – эстетикалық пәндерді оқытуда тарих, музыка пәндерінің байланысын тиімді қолдану, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін  шыңдау мақсатында шараның жоспарымен таныстырды. 

Шараның бірінші бөлімінде «Музыкалық аспаптардың тарихы»  тақырыбында тарих пәні мұғалімі Гүлназ Аймурзина және «Қазақ ұлттық музыка аспаптарының  қолданылуы» туралы музыка пәнінің мұғалімі Гүлмира Досмағамбетова  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Көркем еңбек пәні мұғалімі Ақгүл Туремуратова «Музыкалық аспаптар макетінің көрмесімен таныстырды».

Шебер кластың екінші бөлімінде көркем еңбек пәні мұғалімі   Ақгүл Туремуратова «Асатаяқ» ұлттық музыкалық аспабының макетін қатысушылармен бірге практикалық жұмыстану арқылы көрсетті.

 Мектеп әдіскері және психологтары шебер кластың жұмысын қорыту мақсатында  «Бір сабақ. Бір мақсат.  Бір нәтиже» тақырыбында рефлексия жасады.

                             

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1