2023 жылдың 17 қараша  күні Темір ауданы Шұбарши мектеп-бөбекжай-балабақшасында «Бастауыш сыныптарда құндылыққа бағытталған білім беру» тақырыбында   облыстық семинар-практикум  өтті. 

      Семинар-практикумға  ауданның бастауыш сынып  мұғалімдері  қатысып, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі, г.ғ.магистрі Светлана Жубаева және Темір аудандық білім бөлімінің басшысы Азамат  Усербаев алғы сөз сөйледі.

       Тәжірибе алмасу бөлімінде  бастауыш сынып мұғалімдері  Сандигул Даржанова және Жанна Бердимигамбетова сабақ өткізіп, оқушылардың бойына құндылықтарды сіңіре білді.

         Бастауыш  сынып  мұғалімдері Сұлу Төлеуова мен Эрниза Сантаева «Бақыт мекенінде» атты  тренинг өткізді. Кездесу барысында қатысушылар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, өз бойындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай алды.

Бастауыш сынып мұғалімдері   Құрманай Балдосова мен Жайнагул Уразова шеберлік  сағаты  бөлімінде  тапсырмаларды орындау барысында  түрлі әдіс-тәсілдер көрсетті.

         Шара соңында бастауыш сынып оқушыларының өнері мен ертегілер қойылымы тамашаланды.

             

Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының бөлім меңгерушісі,                       г.ғ.магистрі  С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1