№1 Балалар музыка  мектебінің 80 жылдық іс-тәжірибесін тарату және рухани-мәдени бағыттағы жұмыс нәтижелерін насихаттау, музыка мектебінің бүгінгі және келешектегі тыныс-тіршілігін кеңейту, рухани қажеттілігін айқындау мақсатында «80 жыл – 80 ғұмыр» жоспарына сәйкес «Самғатқан сан қыранды өнер ордам» атты шығармашылық концерт өтті. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының әдіскері Нарегеева Айнур Маликовна, Ақтөбе қаласы білім бөлімі, Әдістемелік кабинет директоры Сулейменова Ақманар Махмудовна  және Ақтөбе қаласының Кәсіподақ ұйымының төрағасы Уралбаева Лида Шайгазиевна, «Өрлеу» филиалының  әдіскері Джумагазина Гүлзада Ғазизқызы құттықтау сөз сөйлеп, білім беру жүйесінде адал еңбегі мен ұстаздық міндетін абыроймен атқарып, оқушыларға өнегелі тәрбие мен сапалы білім берудегі жетістіктері және қоғамдық өмірге белсене қатысқаны үшін мектеп оқытушыларын Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының, Ақтөбе облыстық білім басқармасының, Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының, Ақтөбе қаласы білім бөлімінің Алғыс хатымен, қалалық кәсіподақтың Құрмет грамотасымен марапаттады.

      Шара барысында  мектеп тарихынан сыр шертетін бейнебаяннан бастау алып, қазақ ұлт аспаптар оркестрі шашуымен жалғасын тапты. Домбырашылар, баян, аккордеон, қобызшылар, дәстүрлі әншілер  ансамблдері,  фольклорлық ансамбль, вокал класының оқушылары, хор ұжымдары, мектеп түлектері өз өнерлерін көрсетті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1