Ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балаларды сапалы біліммен қамту – қазіргі уақытта өзекті мәселелердің бірі. Соңғы жылдары елімізде арнайы білім жүйесінде ерекше білім беру қaжеттіліктері бар балалардың білім алуға қолжетімділігін кеңейтуге оң өзгерістер жасалуда.
2023 жылдың 16 ақпан күні Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Мәртөк ауданы, Жайсаң арнайы білім беру ұйымының базасында «Арнайы мектепте ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту әдіс-тәсілдері мен технологиялары» тақырыбында облыстық семинар-практикум өтті.
Арнайы мектеп мұғалімдерінің педагогикалық білім деңгейін жетілдіру, кәсіби шеберлігін арттыру және нәтижелі іс-тәжірибемен алмасу мақсатында ұйымдастырылған шараға 50 - ден астам педагогтер қатысты.
Семинардың практикалық бөлімінде арнайы мектеп педагогтері «Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу», «Арнайы (түзету) мектебіндегі сабаққа қойылатын талаптар», «Балалық шақтың қауіпсіз кеңестігін қалыптастырудың негізгі ресурсы ретінде тұлғаға бағытталған технологияларды енгізудің психологиялық ерекшеліктері», «Есту қабілетінде бұзылыстары бар оқушылардың сөйлеу тілін қалыптастыруда шығармашылық жобаның тиімділігі» тақырыптарында ерекше білім беруді қажет ететін балаларға жеке амалдар қолдану, сабақ үдерісінде әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану бағыттары бойынша тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында қатысушылар кәсіби және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын білдірдіп, ой-пікірлерін ортаға салды.