Бүгін Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен «Информатика сабағында цифрлық технологияларды тиімді пайдалану» тақырыбында облыстық семинар өтті.
Педагогтердің кәсіби тәжірибесін дамыту арқылы кеңейтілген пәндік құзыреттерін жетілдіру және сабақты тиімді өткізу жолдарымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.
Семинар бағдарламасына сәйкес шеберлік сабақтарында ЖОББ «Білім» мектеп-гимназиясының мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
Cеминар барысы «Информатика сабақтарында заманауи білім беру технологияларын қолдану» тақырыбында коучинг, «Интернет қызметтерін пайдалана отырып электронды портфолио құру жолдары» шебер-сабағы, «Ойын технологиясын информатика сабағында қолдану», «Scratch бағдарламалау ортасында ойындар құру» және «Компьютерлік желілерді ұйымдастыру жолдары» практикумымен жалғасын тапты.
Семинар қатысушылары өз әсерлерімен бөлісіп, жылы лебіздерін білдірді.
Педагогтердің заманауи талаптарға сай кәсіби құзыреттілігін жетілдіруде сәттілік тілейміз!