Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 6 сәуір күні Ақтөбе гуманитарлық колледж базасында «Білім беру үрдісін цифрландыру жағдайында педагогтің цифрлық мәдениетін қалыптастыру» тақырыбында ТжКББ ұйымдарының математика және информатика пән оқытушыларына арналған облыстық семинар-практикум өтті.
Шара барысында Ақтөбе гумманитарлық колледжінің озық тәжірибелі педагогтері, MOFT педагогикалық шеберханасының жетекшілері А.Майлышева мен А.Мангибаева цифрлық сауаттылықты арттыру, цифрлық құралдар, мобильді қосымшалар және оларды білім беру үрдісін оңтайландыру, математика мен информатика пәндерінде қолданудың артықшылықары туралы баяндады. Сонымен қатар, колледж білім алушылары Ж.Қайдасов, М.Алдекова, Ә.Мұратова «KhanAcademy», «Telegram Bot», «Merge Cube», «LucidChart», «Emaze», «Socrative», «Padlet», «Prezi», «Flippaty», «Instagram», «Mentimeter», «Nearpod», «Plickers» платформаларының мүмкіндіктерін оқу үрдісінде қолданылуын шебер-класс барысында іс жүзінде көрсетті.
Шебер-класс барысында болашақ мамандар заманауи сабақтарда ақпараттық коммуникациялық технологияны тиімді қолдану арқылы, педагогикалық шығармашылық пен кәсіби шеберлікті көрсете отырып, семинар қатысушыларының қызығушылығын тудырды.
Шара соңында математика пәнінің оқытушысы А.Канибекова Google Jamboard онлайн интерактивті тақтасы арқылы семинар-практикум қатысушыларына рефлексия жасап, сергіту сәтін өткізілді.