Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес Әйтеке би аудандық саз мектебінің қосымша білім беру педагогі  Қалмағанбетова Гүлдана Маратқызы  озық іс-тәжірбиесі тарату мақсатында «ТЕАТР- ӨМІР АЙНАСЫ» тақырыбындағы облыстық шебер - класс  өткізілді.

   Шебер - класқа облыстың 35-ке жуық қалалық, аудандық жалпы білім беретін орта мектептердің және  балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың театр үйірмесінің жетекшілері қатысты.

  Шебер - класс барысында «Театр жанрларының ерекшеліктері», «Актерлық өнердің негізгі тәсілі-сахналық әрекет», «Бүгінгі дәуірдегі театр өнері» тақырыбындағы көптеген сахна жаттығулары мен этюдтер, әдіс-тәсілдерді, теориялық білім мен тәжірибелік шеберліктерін  көрсетті.

   Шебер – класқа қатысушылар кері байланыс жасап,өз ойларымен бөлісті.     

  Шебер-класс  жұмысының қортындылау барысында Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының бөлім  әдіскері А.М.Нарегеева өз іс-тәжірбиелерін шеберлікпен көрсеткен  Қалмағанбетова Гүлдана Маратқызы және Әйтеке би аудандық саз мектебінің ұжымының жас мамандарын (Кәдіров Қасымбек Нұрлыбекұлы, Жәмиев Заманбек Әмірбекұлы, Мұңлыбек Ақерке Жеңісқызы, Қуанышбекқызы Карина, Сағатов Азамат Маратұлы, Асу Дәурен Сабыржанұлы, Әшім Нұрбол Берікұлы)  Ақтөбе облыстық ғылыми - тәжірибелік орталығының директорының м.а. Ж.Б.Скакованың атынан алғыс білдірді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1