Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сай «№30 қазақ орта мектебі» КММ математика пәні мұғалімі Тилешева Зульфия Ермекбаевнаның жетекшілігімен «Оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру және креативті ойлауын дамыту» тақырыбындағы облыстық педагогикалық шеберханананың үшінші отырысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындаудың жолдарын көрсетеді; Математикалық сауаттылық: сабақта оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды қолданады; Шығармашылық жұмыстар – оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру көзі екенін көрсетеді; Оқушылармен практикалық жұмыстар жүргізіледі. Педагогикалық шеберханаға Ш.Каратаева –Мәртөк ауд., М.Елманова  –Қандыағаш қаласы, Г.Мирманова –Хромтау ауд., Н.Таңбай – Шұбарқұдық ауд., З.Нұрқалық- Әйтеке би ауд., А. Кенжегалиева–Ойыл ауд., Г.Басшиева–Алға ауд., А.Қоблашева –Ырғыз ауд., Ж. Дисмурзова – Ақтөбе қаласынан математика пәні мұғалімдері, шеберхана мүшелері қатысты.

Облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының әдіскері Алманова Ақмарал Маратқызы мен мектеп директоры Амитжанова Индира Базаралиевнаның алғы сөзімен басталды.

Шара барысында математика пәні мұғалімі, шеберхана жетекшісі З.Тилешева «Көтеріңкі көңіл-күй жанға қуат береді» тренингімен  бастады. Тренинг мақсаты қатысушылардың эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, шаршағандықтарын басу, жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Мұғалжар ауданы, Қандағаш қаласы, №3 мектеп-гимназиясының  мұғалімі Елманова Мирамгуль Усынысовна «Оқушыларды математикалық сауаттылыққа дайындау жолдары» тиімді қолдану әдіс-тәсілдерін көрсетсе,  Хромтау ауданы, №4 ОМ математика пәні мұғалімі Мирманова Гульдана Ибраевна «Математикалық сауаттылық: сабақта оқу мақсатына сәйкес тапсырмаларды қолдану» тақырыбы аясында сабақтағы әдістерді, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың тиімді жолдарын айтып, өз тәжіребелерімен бөлісті. Мәртөк ауданы, №2 мектеп –гимназиясының математика пәні мұғалімі, ПШО тренері Қаратаева Шуга Таласбаевна  «Шығармашылық жұмыстар-оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру көзі» » тақырыбында  оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс-тәжірибесін көрсетті.  Оқушылардың ХХІ ғасыр талаптарына сәйкес келуі үшін алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алу аясын кеңейтіп, соған ықпал ету және оларды қабылдауға мүмкіндік жасау. Осы мақсатта  Тилешева З.Е  5, 10, 11 класс оқушылары арасында  нетворкинг формасында  сауаттылыққа тапсырмалар беріп, оларға  қолдау көрсетіп, оқушылардың білімі мен  тәжірибелерін ортаға салып,  ортақ шешімін табуға бағдар берді.    Кері байланыс пен рефлексия жасалып,  «Padlet» онлайн тақтасы арқылы отырысты қорытындылады, рефлексия  жасалды.. Педагогтер жаңа дағды қалыптастырып, ойлаған мақсаттарына жетті.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1