«Шағын жинақты мектептерде сапалы білімге қолжетімділікті қамтамасыз ету» республикалық семинар-кеңесінің физика пәні бойынша секциялық отырыс «Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернаты» базасында өтті. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған семинарға қатысушыларды оқушылар ансамблі күй тартып, «Ұстазыма мың алғыс» атты құттықтауымен қарсы алды. Оқушылар парламентінің мүшелері мектеп өмірімен таныстырып, «Физика ғажайыптары» тақырыбында көрме ұйымдастырып, зертхана жағдайында дайындаған жұмыстарын ұсынды.
Секциялық отырыста виртуалды педагогтеріміздің іс-тәжірибелері көрсетілді.
«Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері» тақырыбында Каршыгина Лабат Тілектесқызы, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының физика пәні мұғалімі панорамалық сабақ көрсетсе, «Оқу үдерісінде белсенді оқу әдістерін қолдану» - Бозшин Бекболат Жағалбайұлы, Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының физика пәні мұғалімі шебер-сынып көрсетті.
«Физика пәні бойынша оқушыларды түрлі деңгейдегі олимпиадаға дайындаудың тиімді жолдары» шебер-сыныбын Жильгелдин Сабыржан Жексенғалиұлы, М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының физика пәні мұғалімі таныстырды. ХХІ ғасыр техника мен ғарыштың шарықтау заманы десек, осы жұмысқа оқушылардың қызығушылығын арттырып, бірнеше жетістіктерге жетіп отырған ұстаздарымыздың бірі - Ақтөбе облыстық мамандандырылған физика-математикалық лицей-интернатының физика пәні мұғалімі Сулейманов Бегдулла Жалгасбайулы «Робототехника - болашақтың бағдары» атты шебер-сыныбын демонстрациялады.
Секциялық отырысқа қатысқан физика пәні мұғалімдеріне фасилитация жасау арқылы Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы психологиялық-әлеуметтік қолдау бөлімінің әдіскері Тоқсанбаева Арайлым Амангелдіқызы сергіту сәтін ұйымдастырды.
Секциялық отырыс әрмен қарай экскурсияға жалғасын тапты.