Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Қобда көпсалалы колледжінің  педагогтеріне  «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары педагогтерінің кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру»  тақырыбында  облыстық семинар өтті.

ТжКББ бөлімінің меңгерушісі Г.А.Кулсейтова, «ТжКББ ұйымдарындағы оқу процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын нормативтік құқықтық актілер», «Білім беру ұйымдарындағы педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары»,  әдіскер Б.Ж.Нурмолдина, «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының бағыттары» тақырыптарында 2022-2023 оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда басшылыққа алынатын құжаттар үлгілерімен таныстырылды. Сонымен қатар, тәрбие сағаттарын ұйымдастырудың бағыттары мен  сабақ барысында  қолданылатын технология түрлері туралы айтылды.

ТжКББ ұйымдарының  мамандары  Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінің  арнайы пән оқытушысы Р.А.Даримова «Дәнекерлеу ісі мамандығын – оқытуда қолданылатын инновациялық технологиялар»,  Ақтөбе сервис колледжінің арнайы пән оқытушысы А.Х.Умурзакова «Аспаз ісі мамандығы бойынша өндірістік оқытудың ерекшелігі», Ш.Берсиев атындағы Ақтөбе Жоғары ауылшаруашылық колледжінің арнайы пән оқытушылары Д.С.Куанов «Ветеринария мамандығын оқытуда білім алушылардың қызығушылығын арттыру», А.А.Тәжібай «Ауыл шаруашылығын механикаландыру мамандығын меңгертудегі тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыптарында  іс-тәжірибелерімен бөлісті.

           Орталық әдіскері М.Т.Сарсенгалиева «Білім алушылардың оқуға деген қызығушылықтарын көтеру»  тақырыбында кеңес берді.

Семинар соңында  ашық диалогтық алаң құрылып, сұрақ-жауаптар мен ұсыныстар қабылданып, семинар қорытындыланды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1