Семинар барысында N61 ЖББОМ педагог-психологі Айтжанова Аружан Қуандыққызы “Бүгінгі күннен алған әсеріміз” рефлексия  өткізіп, керемет көңіл күй сыйлады.

№61 ЖББОМ дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Нуралиев Колканат Дуйсенбаевич “Дене шынықтыру сабағындағы қауіпсіздік ережелері” тақырыбында баяндама жасады,

Касымов Қуаныш Амиреевич “Дене шынықтыру сабағындағы заманауи білім беру технологиялары” атты коучинг өткізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

№1 Қандыағаш қалалық ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Бухарбаева Айнур Шынбергеновна “Қазақтың ұлттық ойыны - Бестас” тақырыбында қатысушылар арасында шебер-класс көрсетті. Сонымен қатар N61 ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі, шебер-класс өткізушісі Прмагамбетов Айбек Сериккалиевич отырыс тақырыбын одан әрі кеңінен ашу мақсатында 8 сынып оқушыларымен қозғалмалы ойын түрлерін ұйымдастырды және қатысушылардың ойын сергіту мен қорытындылау барысында N61 ЖББОМ дене шынықтыру пәні мұғалімі Сабыров Есет Куантаевич “Жақсы көңіл-күй жан азығы” тақырынбында спорттық тренинг өткізді.

Семинар соңында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері Жумабаева Жумагуль Токсанбаевна семинарды қорытындылап, семинарда іс-тәжірибесін таратқан ұстаздарға алғыс білдірсе, семинарға қатысушы мұғалімдер өз ризашылықтарын айта отырып, оң пікірлерін қалдырды.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1