Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен 2023 жылғы 11 сәуірде техникалық және кәсіптік білім беру  ұйымдарының дебат жетекшілері арасында «Ең үздік көшбасшы» облыстық пікірсайыс турнирі өтті.

Байқау дебат жетекшілерінің шығармашылық белсенділігін арттыру, ізденушілік қабілеттерін шыңдау, кәсіби шеберлігін  дамыту және жас көшбасшыларға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылды. 

Сөз додасында 16 спикер 8 фракцияға бөлініп, ел егемендігінің қалыптасу жолы, тәуелсіздік жетістіктері мен бүгінгі күннің өзекті мәселелері туралы пікір алмасып, ой жарыстырды. Нәтижесінде ой ұшқырлығы, тапқырлығы және ұтымды сөзімен көзге түскен үздіктер алға шығып, жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталды.

       Турнир қорытындысы бойынша:

I орын: «АМАНАТ» фракциясы - Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжі

II орын: «ОЙ-ДАРИЯ» фракцисы - АLТ Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжі

III орын: «КҮЙ ДАСТАН» фракциясы – А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі

Байқаудың қалған  қатысушы фракцияларына  сертификаттар берілді.

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1