Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының жоспарына сәйкес «География сабағын тиімді оқыту және оқу идеяларын жүзеге асыру» тақырыбындағы облыстық семинар-практикум онлайн форматында өткізілді. Семинарға 35 мұғалім қатысты.  

Педагогтердің  кәсіби тәжірибесін дамыту арқылы кеңейтілген пәндік құзыреттерін жетілдіру және  сабақты тиімді өткізу жолдарымен іс-тәжірибе алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

      Ассоциация мүшелері  Әйтеке би ауданы Т.Г.Шевченко ат. ЖОББМ география пәнінің мұғалімі Ә.Қ.Қаршығин  «География сабақтарындағы цифрлық құрылғыларды тиімді пайдалану»,   М.Құсайынов атындағы  Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының география пәнінің мұғалімі М.К.Жолмағанбетов «География пәнін оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру», Ақтөбе қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің география пәнінің мұғалімі Ж.Ж.Исагалиев «Географиялық есептерді тиімді шығару жолдары», Байғанин ауданы Қ.Мұханбетқалиұлы атындағы орта мектеп-гимназиясының география пәнінің мұғалімі Г.А.Маратова  «География сабағында ақпараттық технологияны пайдалану» тақырыбында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.    

      Педагогтердің шығармашылық жұмыстары әріптестеріне география  пәніндегі құзыреттіліктерді дамытуда тиімді әдіс-тәсілдердің жолдарын көрсетуге және білім алушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, мұғалімнің педагогикалық тәжірибесін жетілдіруге бағытталды.

Семинар–практикумды қорытындылау бөлімінде ассоциация жетекшісі М.К.Нурбаева фасилитация өткізіп,  сындарлы кері байланыс берді.

 

 

Орындаған: А.А.Искендирова, АОҒТО бөлім әдіскері.

 

 

 

 

 

 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1