Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығы 2022-2023 оқу жылына арналған облыстық математика пәні мұғалімдері ассоциациясының жұмыс жоспарына сәйкес «Применение технологии БИС для развития вычислительных навыков», «Кері тригонометриялық функцияларға берілген есептер» атты тақырыптарда шебер класс өткізілді.
Шара барысында №5 мектеп – лицей математика пәні мұғалімі Кушетова Гулмира Жаленқызы БИС технологиясының озық тұстарын атай отырып, технологияның оқушылар мен мұғалімдерге тигізер пайдасын атап өтті. Ақтөбе облысы Шалқар ауданы КММ "№1 мектеп-гимназия" математика пәні мұғалімі Мұханбедияр Қамқа Сидаққызы өзінің іс-тәжірибесімен бөлісті. "Кері тригонометриялық функцияларға берілген есептер" атты тақырыпта презентациясын қорғап, қиындатылған есептерді тиімді жолдармен шығару әдістерін көрсетті.