Ағымдағы жылдың 16 қараша  күні Ақтөбе облыстық әдістемелік  орталығының жоспарына сәйкес, Ақтөбе қаласындағы №32 «Қуаныш» балабақшасында «Жаңартылған Үлгілік оқу бағдарлама мазмұны аясында мектепке дейінгі жастағы  балалардың шығармашылық дағдыларын дамыту» тақырыбында облыстық семинар-практикумы өткізілді. Шараға  балабақшалардың музыка жетекшілері қатысты.

Семинар барысында балабақшаның музыка жетекшісі Лидия Таганасовна Аетова мектеп жасына дейінгі балаларға музыкалық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған іс-әрекетінің қызметі, би арқылы балалардың шығармашылығы және жаңартылған Үлгілік оқу бағдарлама мазмұны (перспективалық жоспар, циклограмма) негізінде жүйелі жұмыстар жүргізу бойынша іс-тәжірибесімен бөлісті.  

Сонымен қатар балабақша педагогтері И.Х.Аяпбергенова, К.Қ.Қали, Ж.Б.Қуат эксперименттік зерттеу жұмыстарын музыкамен  байланыстыра отырып, «Дыбыстар калейдоскопы» жобасының презентациясын көрсетті.

Семинар соңында қатысушылармен кері байланыс жасау барысында музыка жетекшісінің бүгінгі бөліскен іс- тәжірибесінен  алған  әсерлері және қажетті мәліметтер жинақтағандығын айтты. Сондай-ақ, шараны ұйымдастырушыларға өз алғыстарын  білдірді.

 

Мурзагулова М.Т.-мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің әдіскері 

 

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1