2023 жылдың 3 сәуірінде Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибе орталығының жоспарына сәйкес Ақтөбе облысының математика пәні мұғалімдері қауымдастығының мүшелері жас мұғалімдерге семинар өткізді. № 2 Мәртөк мектеп-гимназиясының ұстаз-шебері Қаратаева Шұға Таласбаева өткен жылдардағы 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясының міндеттеріне тоқталып, жіберілген қателіктер мен оқушылардың жұмысын бағалау критерийлеріне кеңінен ақпарат берді. Ақтөбе қаласы №20 ЖОББМ-нің педагог-зерттеуші Гүлсара Нұрсейітқызы Кувандыкова өз тәжірибесінен математика сабағында ақыл-ой белсенділігін арттырудың әдіс-тәсілдерімен бөлісті.Өзара және өзін-өзі бағалау, оқушылардың білімін формативті бағалаудың онлайн қызметін пайдалануды іс жүзінде көрсетті. Ақтөбе қаласы, № 20 орта мектебінің математика және информатика пәнінің мұғалімі Тынымгереева Айнур Уринбасаровна семинарға қатысушыларды «Mentimeter» қосымшасымен таныстырды. Осы қосымшаның көмегімен семинар бойынша рефлексия жүргізілді.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1