2022 жылдың 23 желтоқсанында Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбе қаласы №18 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі  Бақова Жадыра Оспанқызының «Комбинаторика – жаратылыстану әлемімен» тақырыбындағы облыстық шебер-класының II отырысы ZOOM платформасы арқылы өтті.  Шебер-класқа облыс мектептерінен 13 мұғалім қатысты.

     Облыстық шебер-класс  бастауыш сыныптың математика оқулығында кездесетін комбинаторикалық есептерді талдап, шығарудың дұрыс, неғұрлым жылдам, әрі тиімді тәсілдерін табуды мақсат етті.

       Шебер-класс барысында Жадыра Бақова 1-4 сыныптың математика оқулығындағы барлық комбинаторикалық есептерге талдау жасап, оларды шешу әдіс-тәсілдерін және жұмыс түрлерін ұсынды. Тәжірибе алаңында әріптестер тақырыпты талқылауда мысалдар келтіре отырып, белсенділік көрсетті. Сондай-ақ «Бастауыш сыныпта арнайы жағдай талап ететін оқушыларға математикадан комбинаторикалық тапсырмаларды үйрету ерекшеліктері» атты таныстырылым барысында білім алушының әлеуметтік бейімделуіне және дербес еңбек қызметіне дайындалуына ықпал ететін математикалық білімді, іскерлікті және дағдыларды қалыптастыру жолдары мен әдістерін тәжірибеде талдады.

          Шебер-класс соңында қатысушылармен  Padlet  платформасы арқылы сындарлы кері байланыс жасалды.

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.О.Жубаева

 

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1