Жастарды рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында 2023 жылдың 13 қазаны күні «Жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының директоры Ж.Д.Нургалиева алғы сөзінде еліміздің әлеуеті артып, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларда жетістікке жетіп, әлемдік саясат алдында беделінің өсуіне елдегі ішкі тыныштық пен тұрақтылықтың маңызы зор екендігіне тоқталып, дөңгелек үстел қатысушыларына сәттілік тіледі.
Шара барысында жастарды оқыту мен тәрбиелеуде заман талабына сай қоғамның рухани қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі діннің рөлі бойынша Ақтөбе облысының білім басқармасының қосымша білім беру және тәрбие жұмыстары бөлімінің бас маманы Г.К.Бакиева, облыстық терроризмге қарсы комиссияның жұмысын үйлестіру бөлімінің басшысы С.А.Бектенғалиев, «Аңсар» акпараттык талдау орталығының басшысы Н.Б.Жаншин өз іс-тәжірибелерімен бөлісіп, ой пікірлерін ортаға салды.
Шара соңында ашық диалогтық алаң құрылып жастардың бойында ұлттық құндылықтарды насихаттауда кешенді іс-шаралар, шеберлік сағаттар үздіксіз өткізіліп отыруы қажет екендігі айтылып, тәрбие жұмысын ұйымдастырудың тиімді бағыттары бойынша ТжКББ ұйымдары директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен топ кураторларының ұсыныстары қабылданып, өзара пікір алмасты.