2023 жылғы 4 қаңтарда Ақтөбе қаласы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің  бастауыш сынып мұғалімі Қыстаубаева Дамежан  Мырзағалиқызының  жетекшілігімен «Сабақты даярлау мен оған дайындалу кезеңдері» тақырыбында облыстық шығармашылық шеберхананың II отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.

Шеберхана жұмысы «Бұлттар» жаттығуы» атты психологиялық тренингпен басталды. Шеберхана жетекшісі Дамежан Қыстаубаева тарапынан «Жедел жауап» әдісі арқылы бірнеше сұрақтар қойылып, жауаптар тыңдалды. «Нәтижеге  жету үшін мақсатты қалай дұрыс қоюға болады?» тақырыбында қысқа мерзімді сабақ жоспарын құрудың міндеттері мен сабақ жоспарының құрылымына тоқталды. Практикалық бөлімінде әр пәннен тақырып беріліп, сол сабақ тақырыбына  қысқа мерзімді жоспар құру міндеттелді және қорытындыланды. 

Отырыс соңында қатысушылардан «Тілек беті» арқылы кері байланыс алынды.

 

Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1