2022 жылғы  22 желтоқсанда  Ақтөбе қаласы жалпы орта білім беретін 61жалпы білім беретін орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Кожалепесова Назгуль Каниевнаның жетекшілігімен «Бастауыш сыныпта мәтінді есептерді  талдау» тақырыбында облыстық шығармашылық  шеберханасының II отырысы «ZOOM» платформасы арқылы өтті.

Шығармашылық  шеберхана жұмысы «Гаусс», «Кері жүріс» әдістерімен ширату  жаттығуларынан басталды.

Шеберхана  жетекшісі Назгуль Кожалепесова есептеудің жаңа әдістерін үйретуді мақсат етуде 1-4 сыныптардың математика  оқулықтарындағы мәтінді есептердің моделін құру әдістемесін ұсынды. Сонымен қатар, тәжірибе жүзінде есептерді шешудің бірнеше тәсілдерін көрсеттіп, оқушыларға мәтінді есептерді шешуде қолданылатын тиімді  тәсілдерімен бөлісіп, 3-сыныпқа арналған математика оқулығындағы есептердің шешуін талдап көрсетті.

Бастауыш сынып мұғалімі Өксікбай Гүлбақыт Тұрмағанбетқызы  сабақта «Wordwall», «Kids mama», QR  сияқты  ресурстарын, АКТ әдістерін қолданудың тиімділігі мен оларды дайындау жолдарын көрсетіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Отырыс  «Padlet» тақтасында  қорытындыланып, қатысушылармен кері байланыс жасалды.

         Ақтөбе облыстық ғылыми-тәжірибелік орталығының әдіскері С.Жубаева.

FaLang translation system by Faboba

ПАЙДАЛЫ САЙТТАР

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерінің пайдалы сайттары

client 1 client 1 client 1 client 1