1. Жалпы ереже
1.1.Байқаудың облыстық кезеңін Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығы өткізеді.
1.2.Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге жалпы басшылықты ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады. Ұйымдастыру комитетінің құрамы және әділқазылар комитетінің құрамын бекітеді.
1.3.Қазылар алқасының құрамына орталықтың мамандары, педагог кадырлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының мамандары, педагог-зерттеуші, педагог-мастерлер кіреді.
1. Конкурстың мақсаты мен міндеттері:
Шығармашылықпен жұмыс жасайтын педагогтерді анықтау, қолдау және марапаттау; Мұғалім мамандығының қоғамдағы алатын орнын, кәсіби шеберлігін таныту; Өзара бәсекелестікті қалыптастыру;
2.1.Байқаудың негізгі мақсаты – дене шынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің еңбегінің беделін арттыру.
2.2.Байқаудың міндеттері:
-білім беру сапасын арттыру;
-педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру;
-білім беру – тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік қамтамысз етуді жетілдіру;
-озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;
-заманауи инновациялық білім беру технологиялын енгізу және тарату;
-шығармашылық педагогтерді қолдау және педагог мамандығының беделін көтері.
2. Конкурстың қатысушылары:
3.1.Байқауға барлық түрдегі жалпы орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру педагогтері – конкурстың қалалық, аудандық кезеңінін жеңімпаздары байқауға қатыса алады.
3.2.Байқауға қатысушылардың педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.
3.3.Қатысушының жасы шектелмейді.
3.4Өткен жылдардағы осы байқаудың жеңімпаздары қатысуға жіберілмейді.
4. Өткізу орны мен уақыты
Байқау үш кезеңде өткізіледі
І кезең – аудандық, қалалық білім бөлімдері қыркүйек айында өткізеді.
Өткізілетін орнын аудандық, қалалық ұйымдастырушылар өздері табады.
ІІ-кезең – облыстық 2023 жылдың 19-20 қазан айында өткізіледі. Өтетін орны қосымша хабарланады.
ІІІ кезең- республикалық (финалдық): 2023 жылғы 21-24 қарашада өтеді. Республикалық кезеңге облыстық кезең жеңімпазы жіберіледі.
5. Конкурсты өткізу тәртібі
Конкурс үш турдан тұрады.
І тур – «Креативті педагог». Педагогтің кәсіби тәжірибесін ұсыну еркін нысанда жүзеге асырылады. Уақыт шегі 8 минут.
ІІ тур – «Қазіргі заманғы дене шынықтыру сабағы». Ақтөбе облысытқ ғылыми-тәжірибелік орталығының жұмыс ерекшелегін ескере отырып Байқауда сабақтар тек 5-9 сыныптарда өткізілуі мүмкін; педагог 40 минуттық стандартты емес сабақ өткізеді; ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары болуы тиіс (сабақ жоспары мектеп директорымен бекітілуі тиіс).
ІІІ тур – «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара». Спорттық-бұқаралық іс-шараның мазмұны (спорт-жарыс бағдарламасы, спорт фестивалі, спорттық-зияткерлік ойын және т.б.) еркін нысанда: ауызша түсініктемемен, әңгімемен сүйемелденген фото, бейне көрсетілім түрінде жүзеге асырылады. Презентация уақыты 10 минут.
6.Байқаудың материалдарын ресімдеуге қойылатын талаптар
6.1. Байқаудың құжаттары екі нұсқада ұсынылады: қағаз және электронды түрде.
7.Қорытындылау
7.1.Жинаған ұпай сандарының қосындысы бойынша конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталады.
7.2. Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының байқау жеңімпаздары мақтау қағаздарымен марапатталады.
8. Ұйымдастыру комитетінің функциялары
8.1.БАҚ-да байқау туралы ақпаратты жариялайды,
8.2. Өтінімдерді қабылдайды, сараптама жүргізеді және қатысушылардың тізімін бекітеді;
8.3.Байқау өткізу рәсімін және байқау тапсырмаларын бағалау өлшем шарттарын белгілейді;
8.4.Байқауға ұсынылған материалдарды рәсімдеуге қойылатын талаптарды анықтайды: өтінімдер, өзін-өзі таныстыру, ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары, спорттық-бұқаралық спорт шараның сценарийі.
8.5.қазылар алқасының құрамын және олардың жұмыс регламентін бекітеді.